Жартылай жанған ағаш және шөп қалдықтарына C14 сараптамасы жасалынды

Қазба 22 орнынан табылған жәдірлер және олар жайында толықтай ақпараттар

Қазба 22 орнынан табылған жәдігерлер жайында толықтай ақпарат

Кесене 6 орнынан табылған жәдігерлер жайында толықтай ақпарат

Қамал қабырғасы

Сонымен қатар маусымдық далалық зеттеу жұмыстары барысында Ортағасырлық Сығанақ қалашығының қорғаныс жүйесін зерттеу мақсатында қазба жұмыстары жүргізілді. Қаланың шығыс қақпасының сол қапталындағы қамал қабырғасы мен мұнарасының сыртқы қапталы 70 м ұзындықта, 3,8 м биіктікте ашылды.

Құмырашылар шеберханасы

Ортағасырлық Сығанақ қалашығында жүргізілген маусымдық далалық зерттеу жұмыстары барысында қамал қабырғасының ішкі құрлымын анықтау мақсатында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба орны шартты түрде №22 қазба орны болып белгіленді.

Ортағасырлық Сығанақ қаласындағы №6 кесене

Ортағасырлық Сығанақ қалашығының оңтүстік батысында 230 м қашықтықта шағын төбе ретінде сақталған. Аталмыш төбе үсті тегіс шеңбер пішінді болып келуде, көлемі 20×10 м, биіктігі болса 1 м. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көлемі 16,5×8,6 м кесене орны анықталды

Көк Кесене

Көк Кесене Ортағасырлық Сығанақ қалашығының оңтүстік шығысында 10 км қашықтықта биік төбе ретінде сақталған. Қазба жұмысы барысында көлемі 16×10,6 м кесене орны анықталды. Кесене порталды және екі бөлмелі болып келуде. Кесененің порталды кіреберісі оңтүстік-батысқа бағытталған. Қазба жұмыстары барысында кесененің ішкі екінші бөлмесінен аузы оңтүстік-батысқа ашылған сағана анықталды