Сонымен қатар маусымдық далалық зеттеу жұмыстары барысында Ортағасырлық Сығанақ қалашығының қорғаныс жүйесін зерттеу мақсатында қазба жұмыстары жүргізілді. Қаланың шығыс қақпасының сол қапталындағы қамал қабырғасы мен мұнарасының сыртқы қапталы 70 м ұзындықта, 3,8 м биіктікте ашылды. Нәтижесінде қаланың қорғаныс жүйесінің құрлымы мен жасалу технологиясы анықталды. Қазба жұмыстары барысында қамал қабырғасының мұнараға дейінгі 47 м ұзындықта, 3,8 м биіктікте ашылып зеріттелді. Ал мұнараның сақталған ауданы 19 м, биіктігі болса 3,9 м екендігі анықталды. Қамал қабырғасын құрлысында күл аралас ашық көкшіл түсті саз балшықтан құйылған кесектер пайдаланылған болса, мұнараны көтеруде ашық сарғыш түсті саз балшықтан құйылған кесектер қолданғандығы анықталды.