2021 жылы Ортағасырлық Сығанақ қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар барысында ашылған бірінші және екінші құрылыс қабаттарының абсолюттік хронологиясын анықтау мақсатында жартылай жанған ағаш және шөп қалдықтарына C14 сараптамасы жасалынды. Сараптама Түркия Республикасындағы «ТУБИТАК МАРМАРА» зертханасында «National Electrostatics Corporation, Model 3SDH-1 (UAMS)» қондырғысы арқылы жасалынды.

Бірінші құрылыс қабатының абсолюттік хронологиясын анықтау мақсатында 2021 жылы ашылған  №2 бөлмеден C14 анализі жасау үшін сынамалар алынып (жанған ағаш бөлігі), Түркия Республикасындағы «ТУБИТАК МАРМАРА» зертханасында сараптама жасалынды. Сараптама қорытындысы бойынша бірінші құрлыс қабатының 180±21 жыл бұрынғы, яғни XIX ғасырдың басына жататындығы анықталды. Анықталған құрлыс нысандарды және табылған тарихи жәдігерлерді негізге ала отырып, аталмыш құрлыс қабатының Сығанақ қалашығының сонғы құрлыс қабаты болғандығын айтуға болады. Себебі аталмыш құрлыс қабаттан кейін, яғни XIX ғасырдың екінші жартысында қалада тіршілік тоқтаған. Бұл пікірімізді жоғарыда айтып өткеніміздей ХІХ ғасырдың екінші жартыснда қала орнында болған өлкетанушылардың зерттеулері қуаттай түсуде.

Екінші құрылыс қабатының абсолюттік хронологиясын анықтау мақсатында 2021 жылы ашылған №18 бөлмеден C14 сараптамасын жасау үшін сынамалар алынып (ағаш шіріндісі), Түркия Республикасындағы «ТУБИТАК МАРМАРА» зертханасында сараптама жасалынды. Сараптама қорытындысы бойынша екінші құрлыс қабатының 294±21 жыл бұрынғы, яғни XVIII ғасырдың басына жататындығы анықталды. C14 анализінің қорытындысына сүйене отырып, Шайбанидтер әулетінің билеушісі ІІ Абдулла ханның билігі тұсында (1557-1598 жж) соғылған күміс теңгелердің және XV-XVI ғасырларда соғылған мыс теңгелердің Сығанақ қалаcында XVIII ғасырдың басына дейін қолданыста болғандығы анықталып отыр.

Құрлыс қабаттарЗертхананың инвентар №Экспедицияның инвентар №¹⁴С жасыҮлгі түріӨлшеу күні
Бірінші құрылыс қабаты1TÜBİTAK-2068SK-2021-1180±21көміртекті материал10.01.2022
Екінші құрылыс қабаты2TÜBİTAK-2069SK-2021-2294±21көміртекті материал10.01.2022
№6 Кесене3TÜBİTAK-2553KKT6-K1588±25сүйек16.01.2023
№7 Кесене4TÜBİTAK-2554KKT7-A1786±24көміртекті материал16.01.2023