Көк Кесене Ортағасырлық Сығанақ қалашығының оңтүстік шығысында 10 км қашықтықта биік төбе ретінде сақталған. Қазба жұмысы барысында көлемі 16×10,6 м кесене орны анықталды. Кесене порталды және екі бөлмелі болып келуде. Кесененің порталды кіреберісі оңтүстік-батысқа бағытталған. Қазба жұмыстары барысында кесененің ішкі екінші бөлмесінен аузы оңтүстік-батысқа ашылған сағана анықталды. Кесененің қыш қаланды қабырғаларының кейбір тұстары 2,5-3 м биіктікте сақталған.  Кесененің құрлымын негізге алар болсақ, кесененің екі күмбезді болғандығын аңғаруға болады. Пайымдауымызша кесененің сыртқы және ішкі бөлікері сырлы әрлеуіш қыш қаптамалармен қапталған. Себебі қазба жұмыстары барысында кесененің сыртқы және ішкі бөліктерінен сырлы әрлеуіш қыш қаптамалар көптеп табылды. Мұндай үлгідегі порталды, екі бөлмелі кесенелер Ортағасырлық Түркістан және Қышқала қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында анықталған. Кесенеде қазба жұмыстары жалғасуда.