Ортағасырлық Сығанақ қалашығында жүргізілген маусымдық далалық зерттеу жұмыстары барысында қамал қабырғасының ішкі құрлымын анықтау мақсатында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба орны шартты түрде №22 қазба орны болып белгіленді. Қазба шығыс қақпадан солтүстік-батысқа 40 м қашықтықта, қақпаның сол қапталындағы қамал қабырғасына іргелес 10×8 м көлемінде салынды. Қазба жұмыстары жүргізілмез бұрын беткі қабаттағы шөптер тазартылып, суретке түсіру жұмыстары жүргізілді.