Ортағасырлық Сығанақ қаласындағы №7 кесене

Кесене Ортағасырлық Сығанақ қалашығының оңтүстік шығысында 1400 м қашықтықта шағын төбе ретінде сақталған. Аталмыш төбе үсті тегіс шеңбер пішінді болып келуде. Көлемі  26 м, биіктігі болса 1,5 м. Қазба жұмыстары барысында көлемі 12,2х10,1 м төрт бұрыш пішінді кесене орны анықталды. Кесененің порталы оңтүстік-батысқа бағытталған. Портал алды алаңына күйдірілген қыш төселген. Кесененің солтүстік-шығыс бөлігінен үш жерлеу орны анықталды. Пайымдауымызша кесененің сыртқы бөлігі сырлы әрлеуіш қыш қаптамалармен қапталған. Себебі қазба жұмыстары барысында кесененің сыртқы бөлігінен сырлы әрлеуіш қыш қаптамалар көптеп табылды.