Ортағасырлық Сығанақ қаласындағы №6 кесене

XIII-XIV ғасырларда сәулет өнерінің дамыған жаңа үлгілеріде пайда бола бастайды. Атап айтар болсақ бұл кесеңде кесенелердің порталы мен күмбездері жетілдіріліп, кесенелердің басым бөлігінің сыртқы және ішкі қабырғалары сырлы және сырсыз әрлеуіш қыш қаптамалармен қаптала бастайды. Бұл кезеңнің керемет сәулет туындысы ретінде Ортағасырлық Сығанақ қаласының көне қорымындағы кесенелерді мысал ретінде келтіруімізге болады. Кесене Ортағасырлық Сығанақ қалашығының оңтүстік батысында 230 м қашықтықта шағын төбе ретінде сақталған. Аталмыш төбе үсті тегіс шеңбер пішінді болып келуде, көлемі 20×10 м, биіктігі болса 1 м. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көлемі 16,5×8,6 м кесене орны анықталды. Кесене порталды және екі бөлмелі болып келуде. Кесененің порталды кіреберісі солтүстік-батысқа бағытталған. Кесене өте нашар сақталған. Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда Кеңес Үкіметі тұсында көрші савхоздардың құрлысттарыда Сығанақ қаласының маңындағы тарихи ескерткіштердің қыштары бұзылып алып пайдаланылған. Осы себепті аталмыш кесененің оңтүстік-шығыс бөлігі тұтастай бұзылып кеткен. Дегенмен бастапқы қалыпта сақталған сонғы қатарға тиесілі қыш қаландыларды негізге ала отырып кесененің жобасы анықталды.