Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу

Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалардың арасында Сығанақ қаласының алатын орны ерекше. Қала Сырдарияның ортаңғы ағысындағы ортағасырларда мәдениеті мен экономикасы, қолөнері мен саудасы, егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған орталықтардың бірі болған. Қаланың жазық жерде орналасқандығынан, қаладағы бұрынғы құрылыстардың орындарын пішіні мен көлемі әртүрлі үйінді төмпешектерден анық байқауға болады. Сығанақ қаласы ортағасырларда тоғыз жолдың торабында орналасқан ірі қалалардың бірі ретінде танылды. Ұлы Жібек жолы арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген саудагерлер мен саяхатшылар қалада болып, сауда-саттық жасап, қаланың өмірімен, тарихымен, мәдениетімен, ғылым және білім ордаларымен танысып, өз еңбектерінде баяндады.

Мақсаты

Бағдарламаның мақсаты: Қазақ хандығының алғашқы астанасы Сығанақ қалашығы туралы түсінікті кеңейту үшін кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу. Ескерткіштің материалдық және рухани мәдениетінің негізгі элементтерін қайта қалпына келтіру, Ұлы Жібек жолындағы Қазақ Хандығының көрнекті қалалары арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар туралы мәліметтерді тереңдету. Тәуелсіздігіміз бен қуатты мемлекеттілігіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптеу.

Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақ хандығы қалаларының өзіндік ерекшелігін анықтауға және дәлелдеуге, оның экономикалық негізін — көшпенділіктің, мал шаруашылығы мен отырықшылықтың үйлесімін, дала мен қаланың өзара іс-қимылын негіздеуге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған бағдарлама және оның табысты іске асырылуы Қазақстан тарихына, оның киелі географиясына елеулі және қомақты үлес қосады. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрініс тапқан  — қазақ халқының объективті тарихын жазу Қазақстан Республикасының алдында тұрған басым міндеттердің бірі.

Міндеті

Сығанақ қалашығында мақсатты кешенді зерттеулер жүргізу (қазбаның жалпы ауданы 3000 м3).

Іске асыру жолы: қалашықтың орталық бөлігінде (көлемі 15х10 м), магистральды көшенің бойында бірнеше жерде (көлемі 10х10 м), цитадель мен шахристан аумағында (көлемі 10х10 м), Сығанақ қалашығының (ежелгі қорым) рабад аумағында (көлемі 12х12 м) қазба жұмыстарын жүргізу. Күтілетін нәтиже: тұрғын үй және қоғамдық кешендердің жоспары, қалашықтың құрылысы мен функцияналдық ерекшеліктері туралы жаңа деректер алу.

Қала құрылысының ерекшеліктері мен функцияларын зерттеу. Іске асыру жолы: дрондар мен ғарыштық түсірілімдердің көмегімен қалашық аумағын зерделеу және талдау, құрылыс салу ерекшеліктерін (квартал, тұрғын үй, көше желісі, фортификация), қала функцияларын (әкімшілік, қолөнер, сауда, ауыл-шаруашылық, мәдени идеологиялық) зерделеу. Күтілетін нәтиже: тұрғын үй кешендерінің, магистральдық көшелердің және махалля көшелер жүйелерінің планиграфиясы туралы жаңа деректер алынады, бұл Қазақ хандығының ежелгі қалалық орталықтарының функциялануы жайлы түсінігімізді айтарлықтай кеңейтеді. Халықтың (ежелгі тұрғындардың) этникалық құрамын анықтау. Іске асыру жолы: қалашықтың көне қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде алынған материалдарға генетикалық және антропологиялық зерттеулер жүргізу. Күтілетін нәтиже: Сығанақ халқының этникалық құрамы туралы жаңа деректер алынады. Мемлекетіміздің тарихи қалыптасуындағы ортағасырлық Сығанақтың рөлін анықтау. Іске асыру жолы: ортағасырлық жазба деректерді археологиялық қазба нәтижелерімен бірге салыстыра отыра зерттеу, қаланың пайда болу, даму және құлдырау кезеңдерін, қаланың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі мен даму заңдылықтарын анықтау.

Күтілетін нәтиже: Сығанақ қалашығының орта ғасырлар кезеңіндегі маңызы мен рөлі және оның мемлекетіміздің тарихи қалыптасуына қосқан үлесі туралы деректер алынатын болады.

Ұлы Жібек жолындағы Қазақ Хандығының көрнекті қалалары арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар туралы мәліметтерді тереңдету. Іске асыру жолы: Ұлы Жібек жолы туралы деректерді жан-жақты зерттеу, бұл тарихтың ежелгі кезеңдеріне неғұрлым толық, жүйелі ғылыми көзқарас қалыптастыруға, Қазақстанның оңтүстігіндегі ортағасырлық қалалар туралы зерттеулерді талдауға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже: Сығанақ қаласының Қазақ хандығының басқа қалаларымен мәдени және экономикалық өзара байланысы туралы жаңа деректер алынады, бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан қалалардың өзара қарым-қатынасының нақты тарихын қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Археологиялық материалдарды зерттеу, өңдеу және талдау әдістемесін, оның ішінде қазіргі заманғы технологиялар мен зерттеулерді пайдалана отырып жетілдіру. Іске асыру жолы: сабақтас пәндердің мамандары мен реставраторларды тарта отырып зерттеулер жүргізу. Материалды мерзімдеу кезінде жаратылыстану-ғылыми әдістерді қолдану, артефактілерді химиялық тазарту, консервациялау, жетіспейтін бөліктерді қайта жаңарту (қажет болған жағдайда), толық фотофиксациясын жасау.

Күтілетін нәтиже: заттарды зерттеу барысында жаңа және толық ақпарат алу, материалдарды мерзімдеу. Мұражай экспозицияларын ғылыми зерттеулер нәтижесінде табылған артефактілермен толықтыру.

Іске асыру жолы: камералдық зерттеулер аяқталғаннан кейін (егжей-тегжейлі сипаттау, артефактілерді фотофиксациялау, камералдық өңдеу өткізу) артефактілерді музей қорына өткізу.

Күтілетін нәтиже: Қызылорда облысының облыстық музейінің экспозициялары жаңа бірегей артефактілермен толықтырылады. Сығанақты тарихи-мәдени мұра объектісі ретінде сақтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Іске асыру жолы: ескерткіштерді консервациялау және музейлендіру жөнінде ұсынымдар әзірленеді, қалашықта туристер келіп, тамашалау үшін жаңа  объектілерді ашу. Күтілетін нәтиже: ұсынымдар өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады, қалашықта туристердің келуіне арналған жаңа презентабельді объектілер құрылады.

Ортағасырлық Сығанақ тарихы бойынша тарихи жазба, нумизматикалық және өзге де дереккөздердің электрондық нұсқаларын әзірлеу және сандық деректер базасына енгізу.

Іске асыру: электрондық нұсқаларды әзірлеу үшін Сығанақ тарихы бойынша түпнұсқа материалды іріктеу.

Күтілетін нәтиже: ортағасырлық Сығанақ ескерткіші туралы цифрлық деректер базасы құрылады.

Күтілетін нәтижелер

Бағдарлама аясында 1 (бірінші) не 2 (екінші) не 3 (үшінші) квартильдерге кіретін, Web of Science халықаралық деректер базасымен индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымда және (немесе) Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index базасына кіретін және (немесе) Scopus базасында Сite Score бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентиль бар журналда — 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады;

Шетелдік немесе отандық басылымдарда рецензияланатын журналда (БҒСҚК ұсынған) 10 (он) мақала жарияланады.

Зерттеу нәтижелері бойынша 1 монография дайындалып жарияланады.

Бағдарламаның нәтижелерін пилоттық енгізу және (немесе) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білім мен нәтижелерді тарату жөніндегі іс-шаралар:

— «Ортағасырлық Сығанақ» сайтын әзірлеу және Ахмет Ясауи университетінің платформасында орналастыру.

— Бағдарлама тақырыбы бойынша деректі фильм түсіру.

— Бағдарламаның ғылыми нәтижелері мен жетістіктерін БАҚ-та (мақалалар, сұхбаттар), әлеуметтік желілерде (пікірталастарға қатысу) насихаттау.

— Зерттеу нәтижелерін халықаралық конференция, симпозиум, семинар және дөңгелек үстелдерде баяндау және апробациялау.

— ГАЖ негізінде қалашықтың картасы жасалынады.

— Зерттеу нәтижелері тек Қызылорда облысының аумағында ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның басқа да өңірлерінде мұражай экспозицияларын әзірлеу кезінде қолданылады.

— Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарының тарихи және мәдени факультеттерінде дәрістер курсын дайындауда, анықтамалық құралдар мен фотоальбомдарды шығаруда қолданылады.

— Бағдарламаның нәтижелері Қазақстанның және шектес аумақтардың ежелгі және ортағасырлық тарихы бойынша жалпылама зерттеулер мен арнайы курстарды жазуда; танымал, білім беру және ағарту жарияланымдарында және медиа өнімдерде пайдаланылатын болады.

Қолдану саласы, нысаналы тұтынушылар, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсер:

Қолдану саласы: қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары.

Күтілетін нәтижелердің нысаналы тұтынушылары: Қазақстан тарихына қызығатын ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар.

Консервациялық жұмыстар жүргізу арқылы осы бағдарлама шеңберінде зерттелетін ескерткіштер туристердің жаппай келуіне дайындалатын болады.

Ескерткіш аумағында тарихи-мәдени қорық-мұражайды ұйымдастыру үшін ұсынымдар әзірленеді;

Бағдарламаны іске асыру отандық және халықаралық жұртшылықтың ақпаратқа деген сұранысына, республиканың тарихи-мәдени объектілерінің халықаралық беделін көтеруге жауап беретін болады.

Әлеуметтік тиімділік ғылымды қажетсінетін процеске жас білікті отандық кадрларды тартуға да саяды.

Күтілетін нәтижелердің негізгі ғылыми бағытты және ғылым мен техниканың сабақтас салаларын дамытуға әсері:

Осы бағдарламаны іске асыру арқылы Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы туралы мәліметтер қоры айтарлықтай кеңейеді.

Алынған мәліметтердің құндылығы ауқымды хронологиялық кезеңді қамтитын объектінің көп қабаттылығымен анықталады. Сондай-ақ, қалашықта туристердің келіп тамашалауға арналған жаңа нысандар құру болады. Сығанақ ескерткішін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу бойынша жергілікті атқарушы органдарға ресми ұсыныс жіберілетін болады.

Алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және (немесе) мүмкіндігі:

— Ашық аспан астында мұражай ашу жөнінде негізделген ұсыныс әзірленетін болады.

— Зерттеу нәтижелерін басып шығару ішкі, киелі туризмді насихаттау мен танымал етуге, шетелдік туристерді, қажыларды тартуға ықпал етеді; ұзақ мерзімді оң мультипликативтік әсерге ие болады және болашақта мемлекеттік қазынаға елеулі табысты қамтамасыз етеді

Сапалық және сандық сипаттамаларын көрсете отырып,  бағдарламаның басқа да тікелей және жанама нәтижелері:

— Сығанақ қалашығында мақсатты кешенді зерттеулер жүргізу (қазбаның жалпы ауданы 3000 м3).

— қалашықтың орталық бөлігінде (көлемі 15х10 м), магистральды көшенің бойында бірнеше жерде (көлемі 10х10 м), цитадель мен шахристан аумағында (көлемі 10х10 м), Сығанақ қалашығының (ежелгі қорым) рабад аумағында (көлемі 12х12 м) қазба жұмыстарын жүргізу.

— Тұрғын үй кешендерінің, магистральды көшелердің және ішкі көше жүйелерінің планиграфиясы туралы жаңа деректер, бұл Қазақ хандығының ежелгі қалалық орталықтарының жұмыс істеуі туралы біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтеді.

— Сығанақ халқының этникалық құрамы туралы жаңа деректер.

— Мемлекетіміздің тарихи қалыптасуындағы ортағасырлық Сығанақтың рөлін анықтау.

— Ұлы Жібек жолындағы Қазақ хандығының қалалары арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар туралы мәліметтерді тереңдету.

— Ұсынылған заттардан жаңа және толық ақпарат алу, материалдармен танысу.

— Мұражай экспозицияларын ғылыми зерттеулер нәтижесінде табылған артефактілермен толықтыру.

— Сығанақты тарихи-мәдени мұра объектісі ретінде сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу (мұражайландыру бойынша ұсыныстар, ашық аспан астында мұражай ашу, туристік объект ретінде пайдалану бойынша ұсыныстар кешенін әзірлеу).

— Ортағасырлық Сығанақ тарихы бойынша тарихи жазба, нумизматикалық және өзге де дереккөздердің электрондық нұсқаларын әзірлеу және сандық деректер базасына енгізу.

Осылайша, Қазақ хандығының тарихын, Орталық Азия халықтарының жалпы мәдени мұрасын зерттеудегі қалалардың басым маңыздылығын ескере отырып, мәлімделген бағдарлама және оның табысты іске асырылуы Қазақстанның тәуелсіз және табысты мемлекет ретінде қалыптасу тарихына айтарлықтай маңызды және салмақты үлес болады. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде алынған, монографиялық түрде сипатталған және жарияланған, қалалық мәдениеттің дамуының анықталған заңдылықтарымен жаңа деректердің осындай синтезі елдің нақты тарихын анықтауға және сенімді түрде қайта құруға мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалықтар

Бағдарламаның ғылыми жаңалығы археологиялық зерттеулер жүргізу барысында археология ғылымның аса қажетті және сонымен бірге әлі дамымаған саласы – жаңа компьютерлік технологияларды енгізу жөніндегі әдістерді пайдалану, қазіргі заманғы құжаттама, картографиялау құралдарын пайдалану болып табылады. Елді мекендерді, көлік коммуникацияларын, су көздерін, ландшафттық жағдайды, ирригациялық жүйені, қазіргі заманғы жер пайдаланудың жер учаскелерін кеңістікте байланыстыра отырып, археологиялық ескерткіштердің деректер базасын құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қалашықтың жоспары нақтыланатын болады. ГАЖ (Географиялық ақпараттық жүйе) технологияларын қолдану үлкен аудандардың топографиясын жасау, оазис ескерткіштерін: ежелгі қалаларды, елді мекендерді, суландыру жүйесін біртұтас тарихи-мәдени құбылыс ретінде біріктіруге мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулер мен консервациялық іс-шаралар жаңа құнды материал алуға, ескерткішті сақтауға ғана емес, сонымен қатар оны жергілікті және халықаралық туризм бағытында қолданысқа ұсынуға мүмкіндік береді.

Алғаш рет ежелгі тұрғындардың этникалық құрамын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады, яғни қалашықтың қорымындағы қазба жұмыстары барысында анықталған сүйек қалдықтарына генетикалық және антропологиялық зерттеулер жүргізіліп, Сығанақ халқының этникалық құрамы туралы жаңа деректер алынады.

Аталмыш бағдарламаны іске асыру барысында біздің мемлекетіміздің тарихи қалыптасуындағы ортағасырлық Сығанақтың рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Орта ғасырлар кезеңіндегі Сығанақ қалашығының маңызы мен рөлі және оның мемлекетіміздің тарихи қалыптасуына қосқан үлесі туралы жаңа деректер алынатын болады.

Кешенді зерттеу барысында Сығанақ қалашығындағы Қазақ хандығының басқа қалаларымен мәдени және экономикалық өзара байланысы туралы жаңа деректер алынады. Бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан қалалардың өзара қарым-қатынасының нақты тарихын анықтауға мүмкіндік береді.