2021 жылдың қараша айының 2 жұлдызында мектеп оқушыларына арналған «Туған өлке тарихы – Ортағасырлық Сығанақ қалашығы» тақырыбында далалық семинар өткізілді. Далалық семинарға Қызылорда қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Далалық семинардың мақсаты: ұлттық тарихты насихаттау, тәуелсіздігіміз бен қуатты мемлекеттілігіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптеу, Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қалашығы туралы түсінікті кеңейту болып табылады.Өзектілігі: мемлекетіміздің тарихи қалыптасуында Сығанақ қалашығының орнын анықтау, өткен тарихымызды жастардың санасына сіңдіру, жастардың ғылыми ізденістерге деген құштарлығын арттыру.Тиімділігі: далалық семинар арқылы жасөспірімдерді отан сүйігіштікке тәрбиелеу, өз халқына және ата-бабаларының тарихына деген мақтанышын ояту.Семинар барысында «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында 2021 жылы Ортағасырлық Сығанақ қалашығында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі мектеп оқушыларына таныстырылды. Сонымен қатар, қалашықтың ХІ–ХІІІ ғасырларда Қыпшақ мемлекетінің орталығы, ХІV–ХV ғасырларда Ақ Орданың астанасы, ал ХV ғасырдың ортасында Абулхайыр хандығының, ал, XV ғасырдың соңғы ширегінде – XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының астанасы, ірі саяси және экономикалық орталығы болғандығы баяндалды.

Tags

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *