2021 жылдың қазан айының 21 жұлдызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен студенттері Ордағасырлық Сығанақ қаласына рухани-танымдық экскурсия жасап, қаланың өткен тарихымен танысты. Жоба жетекшісі PhD, доцент м.а. Багдаулет Сиздиков BR10965310 «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының барысымен таныстырып өтті.

Tags

Comments are closed